«Shymkent» ӘКК» АҚ-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі
- Категории: Жаңалықтар, Хабарландыру
- Дата: 10 September 2026
«Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы №4 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу» үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2026 жылғы 14 қыркүйек пен 8 қазан аралығында жүргізіледі.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
- Қоғамның қызметіне қатысты нормативтік актілер мен ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Қоғамның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты ұсыныстарыңыз болған жағдайда төмендегі телефон нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз:
+7 701 522 22 16