Ескі тұрғын үйді реновациялау

Ескі тұрғын үйді реновациялау

Шымкент қаласының тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №736 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Тұрғын үй- коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасына, сондай-ақ 2024 жылғы 9 қазандағы №5221 Шымкент қаласы әкімінің қаулысына сәйкес, Шымкент қаласының тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілді.

Бағдарламаның мақсаты – апатты және ескі тұрғын үйлерді жаңғырту, тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсарту және заманауи қалалық орта қалыптастыру.

Бағдарламаны іске асыруға қатысушылар
«Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Уәкілетті ұйым ретінде айқындалды.

Шымкент қаласының құрылыс басқармасы Бағдарламаның әкімшісі болып табылады.

Негізгі бағыттар
Бағдарлама Шымкент қаласының ескі шағынаудандарын кешенді қайта жаңарту арқылы апатты (ескі) үйлерді бұзуды және азаматтарды қолданыстағы заңнамаға сәйкес жаңа үйлерге көшіруді көздейді.

Болашағы
Реновация бағдарламасы тек тұрғын үй қорын жаңартуды ғана емес, сонымен қатар қаланың сәулеттік келбетін жақсартуды, заманауи инженерлік инфрақұрылым құруды және экологиялық жағдайды жақсартуды мақсат етеді.

Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері

Шымкент қаласындағы реновация бағдарламасы келесі бағыттарға негізделген:

  • Тұрғын үй қорын жаңарту
  • Қаланың сәулеттік келбетін жақсарту
  • Заманауи инженерлік инфрақұрылымды құру
  • Ыңғайлылық пен экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру

Выдача новых квартир

  • Ключи от новых квартир получили:
    • 22 жителя улицы Алимкулова
    • 8 семей с улицы Круговая 2/4

Реновация микрорайона «Коксай» («Зелёная балка»)

  • Разработана концепция обновления района
  • Первый этап: переселение жителей старых многоквартирных домов
    • Уже переселены 68 семей из 7 домов
    • Все они получили квартиры в новом микрорайоне

Ағымдағы жобалар

Шымкент қаласы әкімдігінің жетекшілігімен және инвестор тарапынан толық қаржыландыру арқылы құрылыс жұмыстары келесі мекенжайларда жүргізілуде:

  • Безделев көшесі, 72А және 111
  • Төле би көшесі, 37
  • Елшібек батыр көшесі, 91 және 93

"B Like" ЖШС Безделев көшесі №72А | «Ай Барыс» ТҮК

Бастапқы:


Жер учаскесінің алаңы – 0,10 га
Тұрғын үй саны – 1
Қабаттылығы – 2
Пәтер саны – 7
Пәтерлердің жалпы ауданы – 500 кв. м.

Жер учаскесінің алаңы – 0,15 га
Тұрғын үй саны – 1
Қабаттылығы – 7
Пәтер саны – 35
Пәтерлердің жалпы ауданы – 2 143,37 кв. м
• 1 бөлмелі – 12 – 36 ш.м.
• 2 бөлмелі – 12 – 51,36 ш.м.
• 3 бөлмелі – 11 – 79 ш.м.
• 4 бөлмелі – 1 – 120,2 ш.м.

"B Like" ЖШС Безделев көшесі №111 | "Жеңіс" ТҮК

Бастапқы:


Жер учаскесінің алаңы – 0,12 га
Тұрғын үй саны – 1
Қабаттылығы – 2
Пәтер саны – 13
Пәтерлердің жалпы ауданы – 600 ш.м

Жер учаскесінің алаңы – 0,12 га
Тұрғын үй саны – 1
Қабаттылығы – 7
Пәтер саны – 63
Пәтерлердің жалпы ауданы – 3 048,78 ш.м.
• 1 бөлмелі – 36 – 51 ш.м.
• 2 бөлмелі – 20 – 63 ш.м.
• 3 бөлмелі – 7 – 69 ш.м.

"B Like" ЖШС Төле би көшесі №37 | «Адал» ТҮК

Бастапқы:


Жер учаскесінің алаңы – 0,12 га
Тұрғын үй саны – 1
Қабаттылығы – 2
Пәтер саны – 16
Пәтерлердің жалпы ауданы – 680 ш.м

Жер учаскесінің алаңы – 0,36 га
Тұрғын үй саны – 3 блок
1-2 блок – 7 қабат
3-блок – 9 қабат
Пәтер саны – 125
Пәтерлердің жалпы ауданы – 5 978 ш.м.
• 1 бөлмелі – 14 - 40 ш.м.
• 2 бөлмелі – 21 - 56 ш.м.
• 3 бөлмелі – 7 – 90 ш.м.

"B Like" ЖШС Елшібек батыр көшесі | №91 «Сания» ТҮК

Бастапқы:


Жер учаскесінің алаңы – 0,12 га
Тұрғын үй саны – 1
Қабаттылығы – 2
Пәтер саны – 7
Пәтерлердің жалпы ауданы – 680 ш.м

Жер учаскесінің алаңы – 0,20 га
Тұрғын үй саны – 2
Қабаттылығы - 6
Пәтер саны – 25
Пәтерлердің жалпы ауданы – 1710 ш.м.
• 1 бөлмелі – 7 - 44 ш.м.
• 2 бөлмелі – 12 - 55.95 ш.м.
• 3 бөлмелі – 6 - 84.02 ш.м.

Бағдарлама механизмі

Список объектов реновации предоставлен Государственным учреждением «УПРАВЛЕНИЕ ЖИЛЬЯ ГОРОДА ШЫМКЕНТ» номера исходящих писем:

№31-05-05/277; №31-06-25/2213; №31-06-25/2591; №31-05-25/4007

Реновация объектілерінің тізімі

№ Көше атауы Үй нөмірі
1Ақназар хан37
2Ақназар хан39
3Ақназар хан39А
4Ақназар хан41
5Ақназар хан50
6Ақназар хан50А
7Ақназар хан54А
8Ақназар хан56
9Ақназар хан60
10Алдиярова64
11Алдиярова66
12Алдиярова68
13Елшібек батыр6
14Елшібек батыр8
15Елшібек батыр10
16Елшібек батыр12
17Қазанқап ақын1/3
18Қазанқап ақын1/4
19Қазанқап ақын2/1
20Нұрлыбаев1
21Нұрлыбаев1А
22Нұрлыбаев18
23Нұрлыбаев20
24Нұрлыбаев22
25Нұрлыбаев11
26Нұрлыбаев12
27Нұрлыбаев16
28Быковского6
29Быковского7
30Быковского32
31Елшібек батыр79
32Өзбек көшесі40А
33Тоқаев көшесі23
34Сапақ- датқа7
35Алимкулов5
36Алимкулов9
37Алимкулов16
38Алимкулов18
39Алимкулов20
40Алимкулов28
41Алимкулов36
42Алимкулов38
43Түркістан14
44Төле би23
45Төле би24
46Сарбаздар7
47Жолан батыр5
48Төле би35
491 мая14Б
501 мая16А
511 мая18
52Абай12
53Абай18
54Абай20
55Абай22
56Абай26
57Гагарина100
58Жарқымбеков16
59Жарқымбеков20
60Кремлевская1
61Кремлевская3
62Қалдаяқова23
63Қалдаяқова23А
64Қалдаяқова27
65Театральная20
66Театральная21
67Театральная26
68Театральная35
69Мақталы131
701 мамыр27
71Абай3
72Абай5
73Майлин3
74Майлин5
75Қалдаяқов35
76Круговой проезд2/1
77Круговой проезд2/2
78Круговой проезд2/3
79Нұрпеисов3
80Нұрпеисов5
81Нұрпеисов7
82Гагарин96
83Гагарин102
84Театральная22
85Жаркынбеков21
86Қалдаяқов15
87Қалдаяқов17
88Қалдаяқов19
891 мамыр13
90Театральная26
91Қалдаяқов13
921 мамыр15
93Жарқынбеков16
94Жарқынбеков17
95Жарқынбеков17а
96Қалдаяқов11
971 мамыр15а
98Жарқынбеков16а
99Жарқынбеков18
100Жарқынбеков18а
101Қалдаяқов21
102Майлы Кожа13
103Володарского13
104Володарского8
105Терешкова46
106Диваев6
107Терешкова48
108Ткацкая4
109Ткацкая6
110Терешкова47
111Ташенова12а
112Ерманов5
113Ерманов3
114Володарского4
115Володарского6
116Володарского7
117Курнаков6
118Ерманов7
119Володарского10
120Айбергенов өткелі4
121Елшібек батыр87А
122Елшібек батыр89
123Терешкова14А
124Терешкова15А
125Сматлаев100
126Транспортная7
127Физкультурников11
128Физкультурников13

Жиі қойылатын сұрақтар

Бағдарламаға техникалық қорытындыға сәйкес тозығы жеткен деп танылған көппәтерлі және көпқабатты тұрғын үйлер, пәтер иелерінің Бағдарламаға қатысуға 100% келісімі болған жағдайда қатыса алады.

Үй тәуелсіз сараптама ұйымының техникалық қорытындысы негізінде апатты немесе тозығы жеткен деп танылады:

• апатты — Шымкент қаласы мәслихатының шешімімен;

• тозығы жеткен — Шымкент қаласының құрылыс басқармасының шешімімен.

Үйлердің тізімі және реновация бағдарламасы туралы ақпарат Қоғамның ресми сайты spkshymkent.kz-та «Тозығы жеткен тұрғын үйді реновациялау» бөлімінде орналастырылған. Сол жерде бағдарламаның мақсаттары, негізгі бағыттары және оны іске асыру тәртібі көрсетілген.

Иә, бере аласыз. Үй техникалық қорытынды және барлық пәтер иелерінің 100% келісімі болған жағдайда реновация нысандарының тізбесіне енгізілуі мүмкін. Үйді тізімге енгізу туралы шешімді Бағдарламаның әкімшісі болып табылатын Шымкент қаласының құрылыс басқармасы қабылдайды.

Техникалық қорытынды дайындау бойынша тәуелсіз сараптама ұйымының қызметін осы тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын үй тұрғындары өздері төлейді.

«SPK “Shymkent”» АҚ реновация бағдарламасының уәкілетті ұйымы болып табылады, ол бағдарламаның жұмыс істеуіне көмектеседі және тұрғындарды, инвесторларды және жергілікті атқарушы органдарды байланыстырады.

Бағдарлама аясында «SPK “Shymkent”» АҚ:

- инвесторларға реновацияға енгізілген үйлер туралы ақпарат береді;

- тұрғындармен кездесулерге қатысады және бағдарлама шарттарын түсіндіреді;

- инвесторларды жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл кезінде сүйемелдейді;

- қажет болған жағдайда жобаға қаржылай қатысады және тұрғындарды көшіру үшін пәтерлер береді.

Сондай-ақ, СПК өз меншігіндегі пәтерлерді реновация бағдарламасына қатысатын тұрғын үйге айырбастауға құқылы.

Реновация бағдарламасы бағдарламаға қатысатын барлық тұрғын үй меншік иелерінің тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған. Азаматтардың барлық санаттары, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары да тең құқықтарға ие.

Пәтерлерді айырбастау «бөлме-бөлмеге» қағидаты бойынша жүргізіледі, бұл ретте жаңа тұрғын үйдің ауданы реновацияға қатысатын үйдегі пәтердің ауданынан кем болмауы тиіс.

Егер реновация бағдарламасы СПК есебінен іске асырылса, қосымша төлем талап етілмейді.

Егер бағдарлама инвестор арқылы іске асырылса, айырбастау шарттары әрбір меншік иесімен жеке талқыланады.

СПК-мен пәтер айырбастау нотариус арқылы рәсімделеді. Нотариалдық қызметтерді төлеуді реновацияға қатысатын пәтердің меншік иесі жүзеге асырады.

Сонымен қатар, егер пәтер ауыртпалықта болса, айырбастауға болады, бірақ кепіл ұстаушының келісімі қажет.

Егер пәтерге қайта жоспарлау жүргізіліп, нәтижесінде бөлмелер саны көбейгенімен, пәтердің ауданы өзгермесе, онда СПК реновацияға қатысатын үйдің бастапқы техникалық паспортында көрсетілген бөлме санына сәйкес жаңа пәтер береді.

Иә, жаңа пәтерге меншік құқығы рәсімделгеннен кейін, оны өз қалауыңыз бойынша иелене аласыз, соның ішінде сату, сыйға тарту және иеліктен шығарудың өзге де нысандары.

Сіздің өтінішіңіз жіберілді. Рахмет!