Индустриялық аймақтар

Индустриялық аймақтар

 

 

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

ҚАУЛЫ № 692

2025 жылғы 18 ақпан

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы!» Қазақстан Республикасы Заңының (27-бабының 1-тармағының 8-3) тармақшасына, «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шымкент қаласы әкімдігінің «Шымкент қаласындағы индустриялық аймақтардың түрін және олардың басқарушы компаниясын айқындау туралы» 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 368, «Шымкент қаласындағы индустриялык аймақтың түрін және басқарушы компаниясын айқындау туралы» 2021 жылғы 8 қазандағы № 1185, «Шымкент қаласындағы индустриялық аймақтардың мәртебесін өзгерту және олардың басқарушы компаниясын айқындау туралы». 2023 жьлғы 3 наурыздағы № 457, «Шымкент қаласындағы индустриялық аймақтың түрін және басқарушы компаниясын айқындау туралы» 2024 жылғы 26 ақпандағы № 727 және № 728 қаулыларының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. «Инвестицияларды тарту және инвесторларды қолдау орталығы «Shymkent Invest – Front Office» ЖШС Шымкент каласындағы «Бозарық» тамақ өнеркәсібі, «Оңтүстік», «Тассай», «Жұлдыз», «Сауда-логистикалық орталығы», «Құрылыс материалдары», «Темір» индустриялык аймақтарының басқарушы компаниясы ретінде айқындалсын.».

  1. «Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы», «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы», «Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемелері заңнамамен белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын қажетті іс-шараларды қабылдасын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Кәрімовке жүктелсін.

Сіздің өтінішіңіз жіберілді. Рахмет!