«NurAgro» агрофирмасы ЖШС өтінімдер қабылдауды бастады
- Категории: Хабарландыру
- Дата: 6 March 2026
«Агрофирма «NurAgro» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) Түркістан облысы, Арыс қаласы, Ақдала а/о мекенжайы бойынша 2026 жылғы ақпан/наурыз – қазан/қараша мерзіміне «Жаңа Ақ Дала» ЖШС аумағында бірлескен қызмет шарты (консорциум) бойынша әлеуетті қатысушылардан (бұдан әрі – Қатысушы) өтінімдерді қабылдау туралы хабарлайды.
Өтініштер 2026 жылғы 10 наурыздан 10 сәүірге а дейін (қоса алғанда) сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін қабылданады.
Өтінім беру орны: Астана қ., Мәскеу көшесі 29/1 үй немесе Қонаев қаласы, 2 шағын ауданы, 14 үй, 27 пәтер, сондай-ақ D.Mamutov@fcc.kz, n.zhanadil@fcc.kz электронды поштасы арқылы.
Қатысушы келесі талаптарға сай болуы керек:
Қазақстанның оңтүстік аймақтарында:
- Түркістан, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстарында су үнемдеу технологияларын (тамшылатып немесе жаңбырлатып суару) пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның (УСХ) анықтамасымен расталған тәжірибесі болуы тиіс;
- кемінде 100-150 га алқапта ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің толық циклін жүзеге асыру (негізгі дақыл ретінде қызанақ жақсырақ);
- меншікті және/немесе жалға алынған техниканы пайдалануға (техникалық құжаттарды қоса бере отырып);
- өндірістік қызметті жүргізу және ауыл шаруашылығы техникасының, оның ішінде ауыл шаруашылығы дақылдарын отырғызу, күтіп-баптау және жинау үшін мамандандырылған, баланста жоқ қызметтерін тарту, сондай-ақ қажетті шығын және өзге де материалдарды (тұқымдар, ЖЖМ, тыңайтқыштар мен химпрепараттар және т. б.) сатып алу үшін қажетті ақшалай қаражаттың болуы;
- тарату немесе бөліну түріндегі қайта құру процесінде болмауы керек;
- оған қатысты банкроттық туралы іс немесе оңалту рәсімі қозғалмаған;
- көктемгі егіс жұмыстарына, маусымдық күтімге немесе егін жинауға пайдаланылуы мүмкін әлеуетті Қатысушының мүлкіне тыйым салынбаған және (немесе) оның қызметі тоқтатылмаған;
- соңғы 2 (екі) жылдағы оң қаржылық нәтиже;
- салықтарды, міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша берешектің болмауы;
- Қатысушы және оның үлестес тұлғаларында (үлестілікті анықтау мүкіндігі кезінде) Серіктестіктің алдында ағымдағы мерзімі өткен берешектің және даулы/жабылмаған құқықтық қатынастардың болмауы.