Өрттен зардап шеккендерді баспанамен қамту шаралары қаралды
- Категории: Жаңалықтар
- Дата: 25 June 2025
? Өткен аптада халықпен көшпелі кездесулерде Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековке 18 маусымда болған өрт салдарынан зардап шеккен Тұран ауданындағы 1 мамыр көшесіндегі екі қабатты үйдің тұрғындары жүгінді.
? Бүгін әкім оқиға орнына барып, бүлінген ғимаратты қарап, тұрғындармен кездесті. Адам өмірін қиған өрттің салдарынан 19 пәтердің 11-і өрттен зақымданды. Көптеген отбасылар баспанасыз қалды.
? Мегаполис басшысы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Кездесу барысында зардап шеккендерді қолдау шаралары мен тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкіндіктері, өзекті мәселелер пысықталды.
? Қорытындылай келе, азаматтарға бірдей тұрғын үй беру ұсынылды. Шымкент Сити, Тұран шағын аудандарындағы пәтерлер қарастырылып отыр.
? Қала әкімі кешенді жұмыстардың нәтижесінде қайғылы жағдайдың салдарын еңсеріп, адамдардың қалыпты өмірге тез оралуын қамтамасыз етуге болатынын атап өтті.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі