КӨКСАЙ ШАҒЫНАУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЖАҢА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ
- Категории: Жаңалықтар
- Дата: 6 August 2025
КӨКСАЙ ШАҒЫНАУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНА🔷Тұрғындар тозығы жеткен үйлерден бөлме саны бірдей, әрленген жаңа қонысқа көшірілуде.
🔷 Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Конституция күні қарсаңында Нұрлыбаев көшесі 3 мекен жайдағы апатты үйде тұратын тағы 8 отбасына жаңа пәтер кілттерін табыстады.
Тұрғындарды қуанышымен құттықтап, аталған бағдарламаның мегаполисті дамытуда, халықтың өмір сапасын арттыруда маңызы зор екенін атап өтті.
🔷 Жобада көпқабатты тұрғын үйлермен қатар өзге де әлеуметтік маңызы бар нысандарды кезең-кезеңімен салу жоспарланған. Сонымен қатар аталған елдімекенді кешенді түрде абаттандыру қарастырылған.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
.